Отбасы банкі өтінім қабылдау уақытын 31 қазанға дейін ұзартты. Бұған дейін 18 қазан деп белгіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл бағдарламаның қосымша тізіміне енген 9 мың адамға да қатысты.
Енді төлем қабілеттілігін растап, несиені мақұлдату үшін екі апта уақыт бар. Несие рұқсат етілсе тездетіп, 29 қарашаға дейін баспана тауып, сатып алуы керек.
Бағдарламалардың шарты:
алғашқы жарна - 20%-дан бастап;
үй кезегінде тұрған осал санаттар үшін мөлшерлеме - 7%
барлық санаттары үшін мөлшерлеме - 9%
несие мерзімі - 19 жылға дейін.
Ең жоғарғы сома:
- Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін.
- қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.