"Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдау басталды

16 Қыркүйек 2024, 13:23
526
Бөлісу:
"Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдау басталды
Фото: pixabay.com

Бүгін «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отбасы банктің мәліметінше, барлық өтінімдер «Baspana Market» жылжымайтын мүлік порталында қыркүйектің 25-не дейін қабылданады.

«Отау» және «Наурыз» бағдарламаларының қатысушысы болу үшін:

1. Егер әлі депозит ашпаған болсаңыз, Отбасы банкінде депозит ашыңыз.

2. Отбасы банкінде жинақ шотыңызда кем дегенде 1 млн теңге бар екеніне көз жеткізіңіз. Бұл депозитті өтінім берудің алдында бір төлеммен салуға болады.

3. Соңғы 5 жылда өзіңіздің және отбасы мүшелеріңіздің (жұбайыңыз және кәмелетке толмаған балаларыңыз) меншігінде тұрғын үй болмағанын тексеріңіз.

Өзгелердің жаңалығы