Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Отарда сарбаз өз саусағын кесті – ресми түсініктеме

Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Отарда сарбаздың саусағы кесілуіне байланысты Құрлық әскерлері ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2026 жылғы 6 қаңтарда Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қатардағы Т.-ның қатысуымен оқиға орын алды. Таңғы тексеру кезінде казарма алдында әскери қызметші сол қолының саусақтарын металл затпен әдейі жарақаттаған. Зардап шеккен әскери қызметші дереу әскери госпитальға жеткізіліп, оған уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында, - деді Құрлық әскерлері баспасөз қызметі.

Баспсөз қызметі желіде командирден сөз естіген сарбаз балтамен өз саусағын өзі шауып тастады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. 

Зардап шеккен сарбаздың айтуынша, бұл әрекет жеке себептерге байланысты жасалған және әскери қызметті өткерумен, сондай-ақ әскери бөлім командирлерінің немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерімен байланысты емес. Жарақат тікелей басшысының ескертуінен кейін алынғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - делінген хабарламада.  

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Гвардейск бөлімі оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу шараларын жүргізуде.

Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша оқиға орнына оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді. Жағдай Құрлық әскерлері қолбасшылығының бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы