Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Отар маңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде

25 Шілде 2025, 15:25
612
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кеткені хабарланды. 

Өзгелердің жаңалығы