Отандық тасымалдаушылар әлемнің 42 елімен жасалған автомобиль көлігі туралы үкіметаралық келісімдердің шеңберінде жүктерді тасымалдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, аталған келісімдердің 34-і жүктерді тасымалдауға толық рұқсат беру жүйесін қамтиды.
Ал қалған 6-ы тек үшінші елдерге (елдерден), атап айтқанда Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Сербия, Румынияға және екеуі толығымен рұқсат етілмеген жол жүру жүйесін (Армения, Тәжікстан) қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты жыл сайын халықаралық автомобиль тасымалдарының отандық нарығының мүдделерін ескере отырып, автоматтандырылған жүйеде бөлінетін және өтінім бойынша тасымалдаудың көрсетілген түріне рұқсаты бар отандық тасымалдаушыларға берілетін шетелдік уәкілетті органдармен рұқсат бланкілерімен тепе-тең алмасу үрдісі жүзеге асырылады. 2023 жылы Еуропа, ТМД және ҚХР елдерімен қосымша рұқсаттар алмасуды ескере отырып, 231 мың бірлік айырбасталды.
Мәселен, 2024 жылға 42 мемлекетпен 150 мыңға жуық рұқсат бланкілерін айырбастау квотасы келісілді.
Сонымен қатар отандық тасымалдаушылар тарапынан қосымша қажеттілік туындаған жағдайда шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат бланкілерін қосымша алмасу мәселесі пысықталатын болады.