15 маусым күні Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында снаряд лақтырудан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған сын Олимпиадаға іріктеу болғандықтан, рейтингілік ұпайлар беріледі.
Спортшылар ядро лақтыру, диск, балға және найза лақтырудан бақ сынайды.
Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды. Олар: Иван Иванов (ядро лақтыру), Артур Гафнер (найза лақтыру), Евгений Миловацкий (диск лақтыру), Анастасия Калошина (балға лақтыру).
Оқи отырыңыз: