Отандық спортшы жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аделаида Пчелинцева аз&nbsp;уақыт ішінде жүзуден&nbsp;еліміздің екі рекордын жаңартты. Бұл туралы&nbsp;Olympic.kz хабарлады.</h4>

 9 Сәуір 2019 2019, 20:55
9 Сәуір 2019 2019, 20:55
2356

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аделаида Пчелинцева аз уақыт ішінде жүзуден еліміздің екі рекордын жаңартты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстандық спортшы 50 метрге брасс әдісімен жүзуден тағы бір рекордын тіркеді. 

Алдымен Ақтөбеде өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде көзге түскен Пчелинцева кейін Ресей чемпионатында өз шеберлігін дәлелдеді. 

Жартылай финалда Аделаида 50 метрді 31.63 секундта жүзіп өтіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. 

Сондай-ақ, финалда бақ сынап, 8-ші орыннан көрінді.

 


Наверх