Отандық спортшы Паралимпиада ойындарына жолдама алды

9 Наурыз 2024, 17:34
486
Бөлісу:
Отандық спортшы Паралимпиада ойындарына жолдама алды
Фото: Спорт комитеті

Қазақстан спортшысы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Әлем кубогында екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еркін R1 дисциплинасының жартылай финалында 7-орынға тұрақтап, финалға шықты.

Ақтық сында еліміздің спортшысы 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. Ал алтын медальді 249 ұпай жинаған кореялық Дж.Ли алса, үшінші орын 224.8 ұпай жинаған Грекияның спортшысы С.Галогавросқа бұйырды.

Пара оқ атудан Әлем кубогының ережесі бойынша жартылай финалда 1-8-орынға тұрақтаған спортшылар финалға өтеді. Біздің спортшымыз финалда өзін жақсы көрсетіп, екінші орынға шықты. Алтын медальға тек 3 ұпай жетпей қалды. Жарыстың жеңімпазы кореялық Джангхо Ли-да Паралимпиада ойындарының жолдамасы болғандықтан, екінші орын алған қазақстандық спортшыға Париж-2024 лицензиясы беріледі. Осымен биылғы Паралимпиада ойындарына 11 лицензиямыз бар. Бұған дейін волейболды отырып ойнау құрамасы, пара каноэдан Спатай Бибарыс, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жүзуден 3 спортшы, пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нұрлан Домбаев және Нышан Өмірәлі алған болатын. Енді, міне, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов байрақты додаға жолдама алып отыр. Паралимпиада ойындарына дейін лицензиат спортшылардың саны әлі артады деп сенемін, - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Султанбек Қаби.

Айта кетсек, пара оқ атудан WSPS Әлем кубогы Нью-Делиде 6-15 наурыз аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 49 елден 268 спортшы қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы