Отандық шабандоз Бішкекте өткен турнирде жеңімпаз атанды

27 Мамыр 2019, 10:16
2249
Бөлісу:
Отандық шабандоз Бішкекте өткен турнирде жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-26 мамыр аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында ат спортынан әлем кубогі кезеңі ұйымдастырылды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.  

№1 конкурс бойынша сынға түскен отандық спортшы Ержан Қорабай турнир жеңімпазы атанды. 

Екінші және үшінші орынға өзбекстандық спортшылар Абдурахмон Абдуллаев пен Иброхим Шокировтер табан тіреді. 

Айта кетейік, Әлем кубогі кезеңіне негізінен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан спортшылары қатысқан. 

Өзгелердің жаңалығы