Отандық қант өндіруші депутаттан қолдау сұрады

20 Тамыз 2024, 17:30
477
Бөлісу:
Отандық қант өндіруші депутаттан қолдау сұрады
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин Жетісу облысы Көксу ауданындағы қант зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көксу қант зауыты 1932 жылы құрылған. Зауыттың негізгі қызметі қант қызылшасы мен қант қамысын өңдеу және қант өндіруге бағытталған. Қазір мұнда 500-ге жуық адам еңбек етеді. Кәсіпорын жылына 250 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдейді.

Жиын барысында Көксу қант зауытының директоры импорттық тауарларды тежеу арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесін көтерді. Оның айтуынша, импорттық тауарлардың бағасы салыстырмалы түрде төмен болғандықтан фабрика өнімді өз бағасынан арзандатып сатуға мәжбүр.

Мәжіліс депутаты өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты отандық өніммен толықтыру стратегиялық міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесін назарға алатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы