Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Минскіде Олег Каратаев атындағы Халықаралық грек-рим күресі турнирінен қазақстандық команда 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Біздің палуандар тұғырға үш мәрте көтерілді. Мейрамбек Айнағұлов (63 кг дейін), Мейіржан Шермаханбет (72 кг дейін) және Ерұлан Ысқақов (97 кг дейін) ел қоржынына қола медаль салды.
Бүгін Данияр Каленов (67 кг дейін) қола медаль үшін күреседі.
Ал Ибрагим Магомадов (77 кг дейін), Бауыржан Мусин (87 кг дейін), Дамир Күзембаев (130 кг) жұбаныш раундында өнер көрсетеді.