Отандық ғалымдарға қосымша төлемақы беріледі

1 Тамыз 2024, 12:00
720
Бөлісу:
Отандық ғалымдарға қосымша төлемақы беріледі
VIDEO
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Биыл 1 қыркүйектен бастап отандық ғалымдарға ғылыми атақтарына байланысты қосымша төлемақы беріледі. Бұл туралы «SOLAY» YouTube арнасына берген сұхбатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Дархан Ахмед-Зәки айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Вице-министр бұл шара таяуда қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заң шеңберінде жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

Ғалымдардың ғылыми дәрежесіне қоса, ғылыми атақтарына да 50 АЕК сәйкес қосымша төлемақы төленетін болды. Қазір бізде тек бір ғана PhD дәрежесі бар. Оны алу үшін 3 жыл оқып, ғылыми дәрежесін қорғайды. Докторантураны аяқтаған соң көбі сабақ беруге кетіп қалады. Сондықтан біз қазір ғылыми жұмысын жалғастыру үшін пост-докторантуралық гранттарды да береміз. Біздің мақсатымыз ғылыми атақты алуға ынталандыру. Ғылыми дәрежесімен қоса «қауымдастырылған профессор», яғни доцент болу үшін жұмыс істесе ғылыми ізденісі де тереңдейді. Одан кейін «профессор» атағын алу үшін жұмыс жасайды. Біздің ұсынысымызды Президент қолдады. Қазір Қаржы министрлгімен бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз. Жаңа оқу жылынан бастап ғалымдарымыз төлемақы ала бастайды деген ойдамыз. Нәтижесінде біздің ғалымдар, доценттер, профессорларға қосымша қолдау көрсетіледі, - деді Дархан Ахмед-Зәки.

Отандық ғалымдарға қосымша төлемақы беріледі

Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары сондай-ақ, отандық ғылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы, шетелдік тағылымдама, ғалымдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек пен ғылыми гранттар туралы және саладағы өзге де түйткілдер төңірегіндегі сауалдарға жауап берді. Журналист Медетжан Ізғұтты жүргізетін сұхбатты «SOLAY» YouTube арнасынан көре аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы