Отандық экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шаралар күшейеді

28 Қаңтар 2019, 19:35
2728
Бөлісу:
Отандық экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шаралар күшейеді

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы экспорт көлемі 54,7 млрд АҚШ долларын құрады (43,3). Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4% өсті және шикізаттық емес өнім экспортының көлемі 3% артып, $ 14,3 млрд АҚШ долларын құрады. 2017 жылғы 11 айда 13,9 млрд АҚШ долларын құраған.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте айтып берді.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт үлесі 9%-ға өсті (2013 жылғы 23%-дан 2017 жылы 32% -ға дейін).

«Өңдеу өнеркәсібінің негізгі экспорттық өнімдері – бұл легирленген болаттан, пішінделген және арнайы профильден, құбырлардан, жіксіз профильден және басқа да металлургиялық өнімдер. Жалпы өңделген өнім экспортының құрылымы негізінен ТМК өнімдері болып табылады, олардың үлесі 33%-дан асады. Бұдан басқа, шикізаттық емес экспорттың жалпы көлеміндегі дайын өнімнің үлесі 19,6% құрайды», - деді Арыстан Қабыкенов.

Биыл «Атамекен» ҰКП 1400-ден астам отандық тауар өндірушілерді, соның ішінде 368 экспорттаушы кәсіпорындарды сертификаттады. Министрлік мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары үшін экспорттаушылар тізімінен 300-ден астам компанияға сауалнама жүргізді.

«Экспорттаушылардың 60%-ы ұсыныстарын қаржылық қолдау шаралары, атап айтқанда жеңілдікті несиелендіру, қайта қаржыландыру, субсидиялау, салықтық жеңілдіктер және көлік шығындарын өтеу қажеттілігі болып табылады. Сондай-ақ, экспорттаушыларға инфрақұрылымды құруға, шикізатпен қамтамасыз етуге, қосымша құн салығы (ҚҚС) қайтаруды жеделдетуге, сондай-ақ шетелде сауда кедергілерді жоюға көмек көрсету ұсынылады. Шикізаттық емес экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларды күшейту мақсатында 2019-2021 жылдарға арналған 500 млрд теңге қарастырылған», - деп хабарлады вице-министр.

Бұл қаражаттар дәстүрлі көзқарасты нығайтады және сервистік қолдаудың жаңа құралдарын енгізеді.

Отандық экспорттаушыларға көлік шығындарының бір бөлігін өтеу тетігін енгізу, «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту және мемлекеттік кепілдіктердің жаңа түрін енгізу, алдын-ала бөлінген қаражат есебінен экспортқа бағытталған жобаларды қаржыландыру.

2018 жылдың қорытындысы бойынша «KazakhExport» АҚ-на 50 экспорттаушы, оның ішінде 27 жаңа компания («Шымкентмай» АҚ, «Жаркент крахмал фабрикасы» ЖШС, «KSP Steel ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ) қолдау көрсетті.

Қолдау көрсетілген экспорттық келісімшарттардың көлемі 419,7 млрд теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы