Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан құрылтайда Ұлы дала елі орталығындағы екінші секциясында құрылтай мүшелері талқылау барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл жерде құрылтай мүшелері қазіргі ақын-жазушылардың шығармаларында ұлттық құндылықтарға басымдық беру, отандық әдебиет пен киноны дамыту жайы айтылды. Айта кетейік, алдағы уақытта ауылдық жерлердегі мәдени орындардың жұмысы жаңғыртылады.
Жұмыс секциялары барысында көтерілген бастамалар іске асуы үшін арнайы іс-шаралар жоспары әзірленеді. Мен өзім ауылдағы мәдениет үйлерін араладым. Шыны керек, мен барған Мәдениет үйлерінің барлығы құлап тұр. Құжат жүзінде керемет нысандар салынған, керемет концерттер өткізілуде. Ал шын мәнінде әкімнің жиналыс өткізетін орны ғана. Яғни қағаз жүзінде бәрі керемет. Сондықтан ауылдағы Мәдениет үйлерін жандандыру керек. Өзім осы салада ұсыныс жасадым, - деді Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды.