Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде айтты.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруді тапсырды. Әсіресе отандық тауарөндірушілердің мүддесін қорғайтын жүйені қайта қарау керек деп санайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы тосқауыл деп таныған өнеркәсіптік сертификаттар тәжірибесінен бас тарту керек. Басқа механизм керек. Оған қоса мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесіне ұлттық режимнен босатуды енгізу қажет. Сондай-ақ биыл «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заңын қабылдау маңызды,-деді ол.Сонымен қатар ол Үкіметпен 2021-2025 жылдардағы жекешелендірудің кешенді жоспары әзірленгенін жеткізді.
736 нысан жекешелендіріледі деп жоспарланған. Олардың 40%-ы осы жылы сатылу керек. Ол үшін бұл жұмысты кеңінен тарататын белсенді шара қолдану керек, ол бірінші кезекті өңірлерде атқарылу қажет. Әрбір нысанды іске асырудың жол картасын бекітіп, мемлекеттік органдардың жоспарын, әкімдіктер мен «Самұрық-Қазына» қорының жоспарлы және толық көлемде орындалуын бақылауды күшейту қажет, - деді Смайылов.