Отандық спортшы Үндістандағы Әлем кубогынан күміс медаль еншіледі

21 Наурыз 2021, 20:43
1471
Бөлісу:
Отандық спортшы Үндістандағы Әлем кубогынан күміс медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында нысана көздеу және стенд ату спортынан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтуде деп хабарлады Olympic.kz.  

Бүгін стенд атудан скит бағдарламасы бойынша қазақстандық Зоя Кравченко күміс медаль жеңіп алды. 

Кравченко финалда ұлыбританиялық Эмбер Хиллден ұтылды. 

Ал қола медальді Үндістан спортшысы иеленген.  

Бұл менің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы медалім. Қуанышымда шек жоқ. Жарысқа қатысушылардың бәрі де үлкен дайындықпен келген. Сондықтан маған оңай болған жоқ. Әлем кубогіне дайындалатын уақыт аз болды. Сондықтан мен турнир барысында өзімді жетілдіре түстім. Күні бойы жарыс алаңында жүргендіктен, шаршағаным байқалады. Десе де, медаль алғаныма қуаныштымын, - дейді Кравченко.  

Ақтық сында жалпы есебі алты спортшы бақ сынады.  

Айта кетейік, кеше пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден Эльдар Иманқұлов финалда өнер көрсетіп, 7-орынға табан тіреген болатын.  Нью-Делидегі әлем кубогі кезеңі 29 наурызға дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы