Отандық шоколад нарығы түркиялық өніммен толықты

30 Желтоқсан 2019, 08:39
2910
Бөлісу:
Отандық шоколад нарығы түркиялық өніммен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында еліміздің шоколод өнімдерінің нарығы Түркияның әлемге әйгілі бренді Elit шоколодтарымен толықты.

Компанияның өнімдері тартымды дизайнымен, сантүрлі ассортиментімен және табиғи ингредиенттерімен ерекшеленеді.

Қазақстандық шоколад және кондитерлік өнімдер нарығы халықаралық жетекші ойыншылардың назарын осылай аударды, енді отандық тұтынушылар Elit Chocolate түрік брендінің өнімдерін сатып ала алады.

Компания әлемнің 85-тен астам еліне жоғары сапалы тәттілерін экспорттайтын алдыңғы қатарлы өндірушілер қатарында. Осыдан 96 жыл бұрын Стамбул қаласында алғашқы дүкенін ашқан, содан бері үздіксіз даму үстінде. Олардың қазіргі өнімдері әртүрлі ассортиментте және шоколадтың барлық түрін – классикалық жиынтықтардан бастап, глазурленген шоколадтар, қолдан жасалған сәнді шоколадтарға дейін қамтиды.

Elit шоколады өзінің стилі, бірегейлігі және алуан түрлілігімен кез келген мерекелік іс-шараларға – үйлену тойынан бастап, Ғашықтар күніне және Жаңа жылға дейін тамаша сыйлық бола алады.

Ал, қазақстандық нарықта Elit брендімен 20-дан астам түрлі шоколад топтамалары бар, олардың ішінде Elit Rose (Раушан түрінде ерекше дизайны бар), Eit Choco Spoons (қасық түрінде жасалған), Elit Gourmet Chocolate Pralines (қара барқыт қаптамасы мен ақ жылтыр жазуы керемет үйлесім тапқан), Elit Chocolate Fruits & Nuts Dragee (алтын мен күміс түсті қалайы қораппен қапталған), Elit Love (жүрек пішінді дизайны бар) бар.

1348.jpg

Брендтің өнімдерінде қара, сүт және ақ шоколадты қоса алғанда, дәстүрлі шоколадтың барлық түрлері ұсынылған. Оның ассортименттік жиынтығындағы максималды кеңейтілген түрін жеке артықшылығы деп атауға болады. Мұнда сіз қазақстандық тұтынушыға таныс классикалық дәмдерді де (құлпынай, ваниль), сонымен қатар мүлде өзгеше дәмнің түрлерін де тата аласыз. Солардың ішінде соңғыларының біріне назар аударсақ, мысалы, Elit Chocolate брендінің портфолиясында лаванда кремі, латте, экспрессо және түрік кофесі бар кәмпиттер кездеседі. Өзіңіз білетіндей, Түркия пісте өсірумен де әйгілі, сондықтан өндіруші бұл ерекшелікке де назар аударған. Қазақстанға келген бірегей тәттілердің арасында ешқандай отандық дүкендердің сөрелерінде ұсынылмаған пісте кремі де бар. Түркияның ұлттық дәмі саналатын, сол елдегілерге өте таныс өнім – інжірмен толтырылған кәмпиттер де тіл үйіреді.

Өндіруші әдетте өз өнімдерінің стиліне үлкен мән береді, ал Elit шоколадын сатып алған тұтынушы жібек ленталармен және керемет қаптамамен безендірілген әдемі пакетке ие болады.

1333.jpg

Өнімді құру процесінде арнайы зертхана қатысады, олар үнемі жаңа формалар мен өзгеше талғамдарға тәжірибе жасайды. Осылайша сіздің талғамыңызға сай, ерекше және сергектік беретін, жеміс қоспасы бар нәзік ақ шоколадтан жасалған текшелер пайда болды. Elit шоколадының бұл түрі сондай ашық көрінеді, оның сыртқы түрінен де ақ шоколад екеніне бірден аңғару қиын емес.

Elit брендінің артықшылығы авторлық дизайны мен жаңа тәжірибелері, шоколадтың формасы мен жеткізілімі ғана емес, компанияның жұмыс стратегиясы өнімнің сапасына байланысты әрқилы бағытта өрбиді. Тұтынушы денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндіріс сапасына бақылаудың халықаралық жүйесі енгізілген.

Мысалы, компания тек табиғи ингредиенттерді пайдаланады және сақтау мерзімін ұзартатын, бірақ әртүрлі ауруларға әкелетін тыйым салынған қоспалар мен консерванттарды мүлде қоспайды. Сонымен қатар, қант алмастырғыштар мен тәттілендіргіштер де қолданбайды, өндіріс процесінде тек табиғи қант қана бар. Сонымен қатар, Elit өнімдерінде пальма майы жоқ, тәттілер артық салмаққа әкелмейді, денеге толық сіңеді.

Elit шоколадтарының барлығы халал сертификатын алған. Брендтің атауы шоколад өнімдерінің премиум бағасын білдіретініне қарамастан, өнім желісінде орташа қол жетімді өнімдер де бар.

Қазақстан дүкендерінің сөрелеріне брендтер ұсыну географиясы Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Көкшетау қалаларын қамтиды. Ал, оны Ramstore, Gal-Mart, Magnum Cash & Carry, Free Line, A2 және т.б. супермаркеттерден сатып алуға болады. Сонымен қатар ресми дистрибьютордың айтуынша, келесі жылы еліміздің басқа қалаларында, жаңа сауда орындарында өнімді сатуды бастау жоспарлануда.


Өзгелердің жаңалығы