Отанды қорғап жүріп оқиды: 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті

24 Қазан 2023, 03:28
542
Бөлісу:
Отанды қорғап жүріп оқиды: 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті
Фото: скрин

Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті. Енді олар жоғары оқу орындарында тегін білім алады, деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Мұндай мүмкіндік жауынгерлік қабілеті мықты сарбаздарға берілді.

Жауынгерлік даярлық, жеке тәртіп, арнайы міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі. Сарбаздарды жоғары оқу орнына іріктеуде қойылатын басты талаптар осы. Ал бұл 1500 сарбазды іріктеген арнайы комиссия мүшелері. Оның құрамында Қарулы Күштердің басшылығынан бөлек, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұланның және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері бар.

1500 сарбаздың барлығының жауынгерлік дайындықтағы көрсеткіштері жоғары. Оларға жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай, ақысыз түсу құқығы беріледі.

Былтыр қазан айында Қорғаныс министрілігі еліміздегі 70-ке жуық жоғары оқу орынымен келісім шартқа қол қойды. Білім мекемелері 3 мың грантты бөлген. Оның жартысы көктемде үлестірілген, - дейді ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева.

Айта кетейік, оқуға түскен сарбаздың барлығы арнайы іріктеуден өткен.

Бүгінгі күні сол іріктеудің екінші кезеңі өтті. 1500 сарбаз іріктеуден өтіп, сертификатын алатын болады. Бұл бағдарламаны Мемлекет басшысы қолдап, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келесі жылы мемлекет тарапынан грант берілетін болды. Жоғары оқу орындарына түсу үшін берілген сертификаттарды байқау жеңімпаздары «Срочники 2.0» платформасынан ала алады, - дейді ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы.

Өзгелердің жаңалығы