Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық алты кинокартина Eurasian Creative Guild Film Festival финалына жолдама алды. Шешуші кезеңге шыққан туындылардың тағдыры тамыз айының 13-19 аралығында Лондонда өтетін фестивальде шешілмек деп жазды kazakh-tv.kz.
Қазақстанды Еуразия кеңістігіне танытатын мына туындылар: «Әлемдік дипломатияның шыңында: Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде», режиссері Ақмарал Баталова; қысқаметражды кино – «Мавжуда», режиссері Нимасу Намсарен; «Андер», режиссері Алина Мұстафина; сценарий - «Отбасылық Диалект», авторлары Мақсұд, Мансұр және Марат Сәрсембаевтар; "Жібек көбелек үйі», авторы Зәуре Төреханова.Сондай-ақ, «Кітап трейлері» деп аталатын жаңа номинациясы бойынша режиссер Павел Погодаевтың «Проективная графика» кинокартинасы жолдама алды.
Фестиваль жеңімпаздарын көрермендер дауыс беру арқылы анықтайтын болады. Көрермен назарына іріктеуден өткен 60 фильм ұсынылмақ.