«Отандастар қоры» Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

13 Қараша 2020, 20:20
1617
Бөлісу:
«Отандастар қоры» Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Отандастар қоры» КеАҚ Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев, «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Н.А. Әбіқаев, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары В.К. Божко, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Ғ. Балаева, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З.Қ. Тұрысбеков, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш.Ш. Нұрышев, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Н.У. Мауберлинова және «Отандастар қоры» КеАҚ Қамқоршылар кеңесінің басқа да мүшелері қатысты.

Іс-шарада «Отандастар қоры» КеАҚ Қамқоршылар кеңесінің 2018 жылғы 12 қазандағы ұсыныстарының орындалуы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 мамырдағы №280 қаулысының және «Отандастар қоры» КеАҚ-тың орта мерзімді кезеңге арналған даму жоспарының жүзеге асырылуы қаралды.

Өзгелердің жаңалығы