Отан үшін аянбай қызмет ететін арулар көп. Прапорщик Саясат Даралиеваның жолы

8 Наурыз 2022, 12:13
2553
Бөлісу:
Отан үшін аянбай қызмет ететін арулар көп. Прапорщик Саясат Даралиеваның жолы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде ел аманатын ерлермен бірдей арқалап жүрген, тәні нәзік болса да, жүрегі батыл әскерде ел тынышытығы жолында қызмет атқарып, Отанның да, отбасының бесігін тербеткен  нағыз қазақ қыздары көп-ақ.  

Солардың бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің прапорщигі штабтың аудармашысы Саясат Даралиева. 

Әскери бөлімнің штабы – бұл басқарма офицерлерінің жұмыс орны, штабтағы көптеген офицерлер мен сержанттар арасында ерекше беделі бар, өзі де, сөзі салмақты, нағыз қазақтың әйелінің бейнесін танығандай боласың. 

«Менің өмірдегі бар қуанышым – ұлым! Ата-анам, бауырларым – асыл қазынам, қызметім өмірдегі жемісім, ұжымым – беделім» - бұл прапорщик Саясат Даралиеваның өмірден түйген сөзі. 

Прапорщик Саясат Даралиева  1977 жылы 17 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген. Бала дүниеге келгесін, оны өсіріп, тәрбиелеп, өмірдің бір кірпіші болып қалануына еш еңбегін аямайтын жандар, отбасының асыл діңгегі – ата-ана. Әкесі Марат Саматұлы – кеңестік кезеңде  білдей мекеме жүргізушісі болса, анасы - Ботакөз Аженова Атырау қалалық атқару комитетінің қойма меңгерушісі қызметін атқарған.

Отан үшін аянбай қызмет ететін арулар көп. Прапорщик Саясат Даралиеваның жолы

Атам Самат Манапұлы - Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыс кезінде көрсеткен ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медалін алған майдангер. Майданнан оралғаннан соң да Кеңестік кезеңде депутаттық мандаты бар, саясаттың бел ортасында қызметте жүрген тұлға болған. Атымды Саясат деп ерекшелеп атам қойған екен. Алғашқы немерем ұл болады, атын Саясат деп өзім қоямын деп шешіп қойған атаның бұйрығынан ешкім аттап өте алмастан, қыз болсам да есімім Саясат болды, - деп  күліп есіне алды. 

Отбасында төрт баланың тұңғышы Саясат Маратқызы болса, өзінен кейін артынан ерген бір інісі Әсет және екі сіңлісі Әсел мен Әспет. Әкесі де, анасы көзі ашық, көкірегі ояу кеңес заманының белді мемлекет қызметкерлері болғандықтан, отбасында оқуға, білімге құштарлық, еңбекке деген тәрбие бірінші орында болды. 

1984 жылы Гурьев қазіргі Атырау қаласының №11 мектебіне 1 сыныпқа қабылданады да, 1994 жылы үздіктердің қатарында аяқтап шығады. 

Сол жылы Х. Досмухамбетов атындағы Атырау Педагогикалық Университетіне мұғалім мамандығы бойынша оқуға түседі. Алғашқы еңбек жолын 1998 жылы №1 мектеп – интернатында мұғалім болып бастайды. 1999 жылы тұрмыс құрып, ұлы Азаматты дүниеге әкеледі де, бала тәрбиесімен үйде болады. Мектеп жасындағы білімі, одан кейінгі жоғары білімі белгілі бір қызметтің басын бастауға алға жетелейді. 

Араға жылдар салып 2002 жылы  5546 әскери бөлімінің сол кездегі командирі подполковник Кубашев Исатай Көбесовичтің кеңесімен құпия бөлімшенің аудармашысы қызметіне орналасады. Міне содан бері 20 жыл осы лауазымда қызмет атқарып келеді. 

 20 жылдық қызметте бір лауазымда қызмет атқарғанымен штабтың басшылыққа алатын әрбір бұйрығын, әскери бөлімнің әрбір қызметінің құжаттамасын сол бөлімнің немесе қызметтің офицерлерінен де жақсы білетін бірден-бір әскери қызметші. Себебі аудармашы ретінде әскери бөлімнің басым құжаттары осы кісінің қолынан өтетін. 

Отан үшін аянбай қызмет ететін арулар көп. Прапорщик Саясат Даралиеваның жолы

Қарапайым штабтық мәдениеттен бастап, құжаттардағы әрбір мемлекеттік тілде жазылатын сөздердің сауаттылығын қатаң тексеретін, нағыз тілдің жанашыры. Әскери бөлімнің қоғамдық шараларынан шет қалған емес, әйелдер кеңесінің құрамында кез-келген әскери қызметшілердің отбасына, әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелерді алдыңғы орынға қойып шешуге белсене кірісіп кетеді.

Ал мерзімдік қызметтегі жауынгерлерге деген жанашырлығы ерекше, әсіресе оқу пункті ашылғаннан аяқталғанға дейін жас сарбаздарды әскери қызметке бейімдеуге апалық, аналық қамқорлығымен салмақты үлес қосатыны тағы бар.

20 жылдық қызметінде қаншама бөлім командирлері ауысты. Барлығы да әскери бөлімнің игілігі мен өркендеуі үшін қызмет атқарған беделді офицерлер болды. Өзім штабтың офицерлері мен сержанттарымен тікелей байланыста қызмет атқарғандықтан оларды өте сыйлайтынмын, олардың да қыз балаға деген құрметі ерекше, әсіресе 8 наурызға мерекесі қарсаңында мерекелік кешке барын салып дайындалатын, күнделікті жауынгерлік қызмет пен ел тынышытығы жолында жауапкершілігі жоғары темірдей тәртіппен жүретін офицерлеріміз бен  сержанттарымыздың біз білмейтін қырлары ашылады. Бірі әнші, бірі биші, бірі күйші, бірі көркем сөздің майын тамызып оқитын жыршы болып шығады. Сегіз қырлы, бір сырлы қазақ жігітінің нағыз үлгісін көргендей боламыз,- дейді Прапорщик Саясат Маратқызы.

Қазақтың қай сөзі де даналықпен дәл айтылған ғой, соның  бірі «Балаңды 5 басқа дейін патшаңдай күт, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» деген.

Саясат Маратқызы ұлы Азаматтың ер жетіп қалғанын, жоғарғы білім ошағының 3 курс студенті екенін  қуанышпен жеткізді. 

Анам мені еркелетіп, қолымнан қақпай еркін өсірді. Мен анамның жолын қуып әскери қызметші болмасамда, аман-есен дипломымды алып,  жақсы қызметке орналасып қуантқым келеді. Осы күнге дейін маған артқан  анамның сенімдерін ақтаймын,- дейді  оның ұлы Азамат.

 

 

Өзгелердің жаңалығы