«Отан отбасынан басталады» атты сурет байқауының қорытындысы шықты

26 Мамыр 2022, 16:16
4862
Бөлісу:
«Отан отбасынан басталады» атты сурет байқауының қорытындысы шықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар жылы аясында өтіп жатқан іс-шараларға еліміздің бар өңірінен 4-18 жас аралығындағы бір жарым мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Олар Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған «Отан отбасынан басталады» атты сурет және «Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер» атты бейнероликтер конкурстарына қатысты.

Сурет байқауы үш аталымда өтті. Олар –  «Қазақстан – бейбіт ел», «Менің әкем батыр», «Біз батырлардың ерлігін есімізде сақтаймыз».

«Отан отбасынан басталады» атты сурет байқауының қорытындысы шықты

«Қазақстан – бейбіт ел» аталымында өздерінің жас санаттарында Жетіген кентінен келген Қабидолла Балауса, Ақтаулық Карина Черная, Шымкенттік Жарқынай Жүсіп және Нұр-Сұлтан қаласынан Асылжан Бейсенова жеңіске жетті.

«Менің әкем батыр» аталымы бойынша қарағандылық Айзере Әлиева, Нұр-Сұлтаннан Сандуғаш Бердікұл және Аңсар Мақсұтов, Шымкенттен Аяжан Тоғаева жеңімпаз атанды.

«Батырлардың ерлігі есімізде» аталымында қазылар алқасының шешімі бойынша Ақтаудан келген Айя Бекениз, Шымкенттен келген Ернар Еркінбек, Нұр-Сұлтаннан келген Малика Биахметова бірінші орынды иеленді.

«Отан отбасынан басталады» атты сурет байқауының қорытындысы шықты

Байқаудың бес қатысушысы Айару Серік, Нұрай Бейсенбай, Айзере Бәйдібек, Әсел Мұхтар және Мирас Марат «Көрермен көзайымы» жүлдесіне ие болды.  

«Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер» бейнероликтер конкурсында бірінші орынды Қонаев қаласынан Заманбек Шыныбаев, екінші орынды Мамырсу ауылынан Құрмет Қанатұлы, үшінші орынды Семей қаласынан Арсен Құмаров олжалады. «Көрермен көзайымы» жүлдесін Нұр-Сұлтан қаласынан Әлфараби Болатбек және Аягөздік Ұлжан Құсманова өзара бөлісті.

«Отан отбасынан басталады» атты сурет байқауының қорытындысы шықты

Қатысушылардың жұмыстары Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығындағы арнайы көрмеге қойылды.

Конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі Балаларды қорғау күні өтеді.

Өзгелердің жаңалығы