Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай фабрикасы жылына күрткелер, белсенді демалысқа арналған киімдер мен мектеп формалары секілді 100 мыңнан астам бұйым шығарады.
Оқи отырыңыз:
Сондай-ақ, кәсіпорында кеудешелер, күртешелер, белсенді демалуға арналған киім, балық аулау, аң аулау және маусымдық күртешелер шығарылады. Тауардың сапалы әрі бағасының қолжетімді болуы маңызды. Бүгінгі таңда көп адам отандық өндірушіні таңдайтынын ескерсек, "Қостанайда жасалған" бренді қайта таныла бастағанын айтуға болады.
Ал қазіргі уақытта фабрика негізгі өндірістен бөлек, қорғаныс бетперделерін тігумен айналысады. Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап фабрикада 200 мыңнан астам бетперде шығарылды. Ол жергілікті дәріханалар мен ауруханаларға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдеріне жіберілді. Сонымен қатар, зауыт қызметкерлері жергілікті тұрғындарға 10 мыңнан астам бетперде таратты.