Қостанайда пара алған депо басшысы ұсталды

25 Шілде 2019, 22:48
1320
Бөлісу:
Қостанайда пара алған депо басшысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық департаменті «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалының Қостанай жүк тасымал бөлімінің облыстық эксплуатациялық локоматив депосының басшысының пару алу фактісін анықтады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінң баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол электровоздың жүргізушісі арқылы жеке тұлғадан аталмыш депоға жұмысқа тұрғызу үшін 300 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Арадағы делдал кінәсін толық мойындауына байланысты тұтқындалмады. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.



Өзгелердің жаңалығы