Астана, BAQ.KZ. Қостанай облысында тағы бір адам үсік шалу салдарынан көз жұмды. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқиға 6 ақпан күні Меңдіқара ауданында орын алды. Ер адам өз үйінің ауласында үсіп өлген. Ол мас күйде болғаны анықталды», - деді баспасөз қызметінде.
Сол сияқты, Жітіқарада да тағы бір үсік шалу оқыға орын алған.
«Ер адам қолының білезік буындарын үсітіп алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты», - деді басқармада.
Айта кету керек, бұған дейін Қостанай облысының аудандарында екі әйел үсіп көз жұмған болатын.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қостанайда ауа температурасы күндіз -20 -25 болса, түнде -30 -35 дейін тқөмендеуде.