Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның тағы екі жағдайы анықталды, деп хабарлайды Аумақтық жедел штабы.
Коронавирус Жітіқара қаласының 1996 жылы және 2010 жылы туылған екі тұрғындарында анықталды.Аталған тұлғалар осының алдында COVID-19 ауруымен ауырып қалған зейнеткерлермен жақын қарым-қатынаста болған. Бірі көршісі болса, екіншісі туысы болып келеді. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижесі бойынша коронавирустық диагнозы расталды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем-шаралары жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталуда. Аурудың ошақтарында дезинфекциялық жұмырыстар жүргізілді.
16.04.2020 жылғы жағдайға облыста COVID-19 инфекциясы 7 адамда анықталды. Бір адам қайтыс болды.