Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті мен пневмония жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты Қостанайда 2 провизорлық орталық жұмысын тоқтатты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, облыс орталығындағы "Достық" санаториі мен тері аурулары диспансері жанынан ашылған провизорлық орталықтар жұмысын тоқтатты. Бұған дейін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жиын өткізіп, облыстың эпидемиялық жағдайы тұрақтанып келе жатқанын айтқан болатын.
Айта кетейік, Қостанай қаласындағы "Достық" сауықтыру кешенін провизорлық госпиталь қызметіне ауыстыру шешімі өңірде прозиворлық төсек-орындардың жетіспеуіне байланысты қабылданды.