Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев бүгінгі Қостанай облысында тіркелген науқас туралы айтты.
12 күні қайтадан алынған талдау аталған азаматшада оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсетті.1991 жылы туған азаматша 23 наурыз күні "Шарм-эль-шейх-Алматы" рейсімен ұшып келген. Оны және Қостанай облысының тағы 4 азаматын алғашқы тексеру вирус анықтаған жоқ. Осылайша олар Отар стансасынан поезға отырып, үйлеріне бағыт алған. Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдады. Аталған тұлғалар және олармен байланыста болған барлық жолаушылар мен жолсерік, барлығы 12 адам оқшауланды. Госпитализациялау кезінде алынған талдау теріс нәтиже көрсетті - деді ол.
Қазіргі уақытта тиісті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында - 22 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында - 8 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 19 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 460 науқас тіркелді.