Қостанай облысында 22 мың отбасы қаржылай көмек алды

3 Шілде 2020, 05:43
1429
Бөлісу:
Қостанай облысында 22 мың отбасы қаржылай көмек алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған "Біргеміз" қоры көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осы аптада 80 қостанайлық бірреттік қаржылай қолдауға ие болады.


Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалынан хабарлағандай, өңірде халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын тұрғындарға 50 мың теңге бірреттік төлем аударудың төртінші легі басталды. Жыл басынан бері өңірде 22 мыңға жуық отбасы қаржылай қолдау алған.
Осы аптаның соңына дейін аймақтық Қамқоршылар кеңесінің шешімімен 50 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлем елді мекендердегі 80 отбасына бағытталады. Бұл мақсатта "Біргеміз" қорына кәсіпкерлердің қолдауымен 28 млрд теңге қаражат жиналған. Бір реттік төлем алуға құқылы мұқтаж азаматтар тізімі жергілікті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жасалған. Халықтың әлеуметтік осал топтарына антисептиктер, маскалар және бірінші қажеттілік өнімдері де жеткізілуде. Азық-түлік себетіне макарон, қарақұмық, күріш, қант және өсімдік майы, қара шай, тұз, тәтті нан кіреді, - делінген хабарламада.

Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалы Елбасы жобасын жүзеге асыруда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлердің белсенді жұмысын атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы