Қостанай облысы карантинге жабылады

15 Сәуір 2020, 20:29
1678
Бөлісу:
Қостанай облысы карантинге жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Ол облыстағы денсаулық сақтау саласының мамандарымен келісе келе, 17 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін облыс аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты. 
Бұл, халықты коронавирустық инфекциядан қорғау үшін мәжбүрлі шара екенін атап өткім келеді. Мұндай тәжірибе, Қазақстанның басқа облыстарында қолданылуда. Ең алдымен, карантин режимі бізге барлық байланыстарға шектеу қоюға және қауіпті вирустың таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Қазір дәрігерлер, полиция қызметкерлері және тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Мен барлықтарыңызды олардың еңбектеріне құрметпен қарауға шақырамын. Біз Сіздермен бірге қолымыздан келгенше оларға көмек көрсете аламыз.Облыстың барлық тұрғындарын карантин жағдайына барынша байыпты қарауды сұраймын. Үйде болып, барлық медициналық ұсыныстарды сақтау қажет, – деп жазды өңір басшысы.


Өзгелердің жаңалығы