Өскемендегі екі маршрутта автобустардың саны артады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Аблакетка шағын ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Шағын аудандағы ең өзекті мәселенің бірі – автобус қатынасының реттілігі.
Біз енді дұрыс шешім таптық деген үміттемін. 27 маршрутты жою есебінен 4-ші және 25-ші маршруттарда автобус санын арттыруға бағытталатын болады. Ең бастысы, бұл нұсқа аудан тұрғындарымен бірге әзірленіп, олардың қолдауын тапқан еді, - дейді Жақсылық Омар.