Өскеменнен Рахман қайнарына дейінгі жол жөнделіп жатыр

Бүгiн, 00:42
111
Бөлісу:
Өскеменнен Рахман қайнарына дейінгі жол жөнделіп жатыр
Фото: baq.kz

"Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары" республикалық маңызы бар автожолдың 0-45 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ақпаратына сүйенсек, бұл уческедегі орташа жөндеу жұмыстарына 30 бірлік техника мен 45 жұмысшы жұмылдырылған.

Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары" республикалық маңызы бар автожолдың 11 шақырымның 4,2 шақырымында тегістеу қабаты орнатылып, 22,5 шақырымның 10,7 шақырымында қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон төселді, - деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ.

Өзгелердің жаңалығы