Өскемендік дәрігерлер халықаралық стандартта жұмыс істемек

15 Наурыз 2019, 08:35
3164
Бөлісу:
Өскемендік дәрігерлер халықаралық стандартта жұмыс істемек

Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Грузиялық мамандармен меморандум жасасқан шығысқазақстандық педиатрлар мен акушер-гинекологтар алдағы уақытта халықаралық стандартта жұмыс істемек. Бұл жөнінде «Ана мен бала» орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.

Грузиялық мамандар «Ана мен бала» орталығының педиатрлары мен акушер-гинекологтарына екі күн қатарынан дәріс оқып, қос тарап тәжірибе алмаспақ ниетте. Жалпы, бұл меморандум Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асып жатқан шаралардың бірі. Аталмыш бағдарлама аясында шығысқазақстандық медициналық мекемелер алдыңғы қатарлы шетелдік ұйымдармен әріптестік орнатуда. Бұл жолы Өскемен қаласындағы «Ана мен бала» орталығына Грузия Патриархатының Қасиетті Иоаким және Анна атындағы орталығы мен «Gagua Clinic», «Kuzanov Clinic» медициналық емханаларының мамандары ат басын бұрды.

Өскемендік дәрігерлер халықаралық стандартта жұмыс істемек

«Біз ТМД елдерінің барлығындағы емханалармен тығыз байланыстамыз. Көпшілік не себепті педиатрия және акушер-гинекологиялық бағытта грузиялық мамандарды шақыртқанымызды сұрайтын шығар? Өйткені бұл елде нақты осы сала жақсы дамыған. Тіптен бұл ел сонау Кеңес Одағы кезінде де медицинаның нақ осы саласымен әйгілі болған. Мысалы, трансплантология Беларусь елінде жақсы. Осы себепті біз бұл сала бойынша осы елмен бірлесе жұмыс істеудеміз», - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Өскемендік дәрігерлер халықаралық стандартта жұмыс істемек

Екіжақты жасалған меморандум аясында алдағы уақытта түрлі оқыту бағдарламалары ұйымдастырылып, ғылыми жобалар мен шараларға қатысатын мамандар тәжірибе алмасатын болады.

«Қазақстан педиатриясының болашағы зор. Бұл бірінші кезекте мамандарыңызды жас мөлшері. Бүгінгі күнгі шеберлік сағатында біздің тарапымызға қойылған сұрақтардан-ақ жергілікті мамандардың жоғары дәрежедегі дайындықтары мен қызығушылықтарын байқадым. Егер ауруханаларыңыз шынымен де осындай мамандарға толы әрі заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген болса, жақын болашақта сіздер емес, кореялық мамандар сіздерге келіп тәжірибе жинақтайтын болады», - деп қосты Иашвили атындағы Орталық балалар ауруханасының медициналық директоры Иване Чхаидзе.

Өзгелердің жаңалығы