Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскемендегі қорғасын зауыты аумағынан өрт шықты

21 Қараша 2025, 21:48
516
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Өскемен қаласындағы Промышленная көшесінде орналасқан қорғасын зауыты аумағында бүгін жеке тұрған ғимаратта тасымалдау лентасы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай орнына жедел жеткен ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері қызыл жалынды 106 шаршы метр аумақта толық сөндірді.

Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекетінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Сондай-ақ төрт оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылып, ықтимал жарылыс қаупі жойылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы