Өскемен қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғын үйдегі өрт кезінде бес адамды, оның ішінде екі баланы құтқарып қалды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Шаяхметов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында тіркелген. Пәтерде жиһаз бен тұрмыстық техника өртенген.
Құтқарушылар жанып жатқан пәтерден 5 адамды, оның ішінде 2 баланы шығарып, көрші пәтерлерден тағы 10 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында адам шығыны тіркелген жоқ.