Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласы жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы электронды билеттендіру жүйесін 2021 жылдың 1 қаңтарында іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Алтайньюс.
Яғни жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап автобустар мен трамвайларда жол ақасы валидатор арқылы көлік картасынан алынады. Ал карта алып үлгермегендер қолма-қол ақшаны қоғамдық көліктің жүргізушісіне беріп, бір реттік қағаз билет алады.
Барлық жеңілдіктер онлайн төлем жасалған кезде күшіне енеді. Қолма-қол ақшамен төлем жасаған оқушы да, зейнеткер де билеттің толық құнын төлейді. Сол себепті қала тұрғындары түгел 1 қаңтарға дейін Oskemencard карталарын алып үлгеруі тиіс, – деп мәлемдеді жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы.