Өскеменде трамвай жолдары келесі жылы толықтай жөнделіп бітеді

Өскемен қаласындағы трамвай жолдары келесі жылы толықтай жөнделіп бітеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Алтайньюс-ке сілтеме жасап.

9 Қазан 2022 2022, 18:15
АВТОР
 9 Қазан 2022 2022, 18:15
9 Қазан 2022 2022, 18:15
1478

Өскемен қаласындағы трамвай жолдары келесі жылы толықтай жөнделіп бітеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Алтайньюс-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы трамвай жолдарын жаңарту жұмыстары әлі де жалғасып жатқаны белгілі. 

Атап айтқанда, Мызы көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықтағы трамвай жолын реконструкциялау жұмыстары бірнеше айдан бері жалғасуда. Соның барысында көшенің бір жағындағы асфальт жабыны да ауыстырылды. Енді бір айдың ішінде қарсы бағыттағы асфальттың да соңғы қабаты төселеді, - деп түсіндірді “Өскемен” көлік компаниясы” ЖШС.

Сондай-ақ компанияның мәліметіне сүйенсек, трамвай жолдары 2023 жылы толықтай жөнделіп бітеді деп жоспарланып отырған көрінеді.

Наверх