Облыс орталығында терроризмге қарсы жаттығу өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алтайньюс жазды.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал нысандарда террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталада.
Іс-шараға байланысты бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Мәселен көлік қозғалысы шектеледі.
«Өскемен қаласы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», - деп мәлімдеді терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.