Өскеменде 26 қарашада түнгі сағат үш шамасында Гоголь көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің келген қызметкерлері жедел түрде баспалдақпен 5 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. 3 иінді сатыны орнатып, пәтер иесі өрт аймағынан құтқарылды. Өрт сөндірушілер 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді.
Ведомствоның мәліметінше, 4 бірлік техника жеке құрамның 13 адамы тартылған.
ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті. ШҚО ТЖД мамандары темекі тұқылы да өртке себеп болатынын ескертті. 2,5-3 сағаттан кейін температура 410-470°C дейін көтеріліп, от тұтана бастайды.
- Төсекте немесе орындықта отырғанда темекі шекпеңіз, әсіресе алкоголь ішкен болсаңыз – бұл жағдайда тез ұйықтап кетуіңіз мүмкін;
- Тіпті сөндірілген темекіні қағаздар мен басқа да жанғыш қалдықтары бар қоқыс жәшіктеріне тастамаңыз – өртеніп кетуі мүмкін;
- Қағаз орамаларды, сіріңке немесе темекі қораптарын күл салғыш ретінде қолдануға болмайды;
- Балкондардан немесе терезелерден лақтырылған темекі тұқылдары ескі заттар жиі сақталатын төменгі қабаттардағы балкондарға немесе лоджияларға түсіп, өрт тудыруы мүмкін.
Есіңізде болсын: өрт өздігінен пайда болмайды. Әдетте, оның себебі — адамның отпен жұмыс жасаудағы немқұрайлылығы.