Облыс орталығында жиырма жеті үйдің қасбеті жөнделеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қала әкімі айтты.
Бұған дейін бастапқыда 21 тұрғын үй боялады деп жоспарланған еді.
Қаланың орталық көшелеріндегі үйлердің қасбеттерін жаңарту жөніндегі бастамамызды көпшілік оң бағалады. Биыл 21 үйді жөндеуді ойластырған едік. Оған қосымша тағы алты үй қосылды. Жалпы, үш жыл ішінде кем дегенде жүз үйдің қасбетін жаңартқымыз келеді, – деді Жақсылық Омар.
Сонымен қатар қала әкімі тұрғын үй аулаларын жөндеу басталғандығын айтты.
Биыл 16 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Тағы 11 аулада ойын алаңдары орнатылады. Сонымен қатар біз былтырдан қалған төрт ауладағы жұмыстарды аяқтауымыз керек, – деді Жақсылық Омар.