Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңір басшысы облыс экономикасы дамуының оңды позитивтік үрдістерін атап өтті.
Жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің өсуі 3% болып, көлемі 4,4 трлн теңге.
Өткен жылға қарағанда өнеркәсіп өнімінің 9%-ке, ауыл шаруашылығы өнімінің 5%-ке өсу қарқыны күтілуде. Негізгі капиталға 7% өсіммен 596 млрд. теңге инвестицияланды. Жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ке дейін төмендеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына облыстан 1,1 трлн теңге болатын 42 жоба енгізілді. Оның ішінде ағымдағы жылы 77 млрд.теңгеге 8 жоба іске асырылды.
Облыс көлемінің инвестицияларының 45%-тін Өскемен құрайды, мұнда 3 млрд. теңгеге 3 жоба іске асырылып жатыр.
- "Азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша көпфункционалды кешен (еттен жасалған жартылай фабрикаттар, "Sunrise VEM" ЖШС, құны - 213 млн. теңге, 2024 жылы енгізілмек);
- "Катодты алтын өндіретін гидрометаллургиялық зауыт құрылысы" ("ВостокГеоМеталл" ЖШС -2025 жылы енгізілмек, құны – 850,0 млн теңге);
- "GDP жүйесі бойынша сауда-өндірістік кешенінің құрылысы "("Медсервис ПЛЮС" КФК " ЖШС, құны – 2 млрд теңге).
Кәсіпкерлікке ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері облыс бойынша 22 млрд теңгеге 1240 ШОБ жобасына қолдау көрсетілді, оның жартысы (633 жоба) Өскемен бизнесіне тиесілі.
Жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша 5 жылдық жоспар әзірленуде, онда жөндеуге жататын жолдар мен көшелер кезең-кезеңімен белгіленетін болады. Өскеменде ағымдағы жылы 27,5 км автомобиль жолдары мен көшелер жөндеумен қамтылды. Келесі жылы 33,6 шақырым қала ішіндегі көлік жолдары мен көшелерін қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Қала тұрғындарынан жолаушылар көлігі жұмысының сапасына қатысты көптеген өтініштер келіп түседі.
Бюджеттен тасымалдаушыларға тұрақты қолдау көрсетіледі және көлікті жаңарту үшін субсидиялар бөлінеді. Ағымдағы жылы жолаушылар көлігі кәсіпорындары 42 автобус сатып алды. 2021 жылмен салыстырғанда, 4 есе өсіммен 4,1 млрд. теңге субсидия төленді. Келесі жылы 4 млрд. теңге мөлшерінде субсидиялар төлеу көзделген. Тасымалдаушылар 53 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Қала әкімі Ж.Омарға ерекше бақылауға алып, барлық бағыттарда қызмет көрсету сапасы мен қозғалыс жүйелілігін сәйкестікке келтіруді тапсырамын, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Облыс бойынша денсаулық сақтау саласында 36 ауылдық медициналық пункт салу көзделген, оның 18-і ағымдағы жылы іске қосылады.
Облыс орталығында 4 нысанға (мамандандырылған балалар үйі және медициналық орталық, жедел медициналық жәрдем станциясы, №1 емхана) күрделі жөндеу жүргізіліп, 1,1 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.
Келесі жылы Ахмирово ауылында дәрігерлік амбулатория салу, облыстық медициналық орталықты (желдету жүйесін) күрделі жөндеуден өткізу және 2 млрд.теңгеге медициналық жабдықтар сатып алу жоспарланған.
Облыс бойынша білім беруде 2025 жылға қарай 5600 орындық 15 мектеп салынады, оның ішінде "Жайлы мектеп"бағдарламасы аясында 10 мектеп салынбақшы. Ағымдағы жылы 2 мектеп, оның ішінде Өскемен қаласының "Нұрлы жол" шағын ауданында 600 орындық мектеп іске қосылады. 19-шы тұрғын ауданда 600 орындық және Бабкин диірмені ауданында 300 орындық мектеп құрылысы басталады.
Мамандардың жетіспеушілігі сезілетін экономиканың нақты секторын білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін дуальды оқыту белсенді түрде енгізілуде. Облыстағы 41 колледждің 28-і осы бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Мысалы, ағымдағы жылы студенттер, болашақ жылу энергетиктері Согра, Өскемен және Риддер ЖЭО-да кәсіптік оқудан өтіп, 200 мың теңгеге дейін жалақы алады, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.
Облыс орталығында Бабкин диірмені, Сол жағалау, Пристань, Үлбі, Гавань, Аблакетка, Промбаза шалғай аудандарын сумен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға барлығы 363 үй қосылған.
Келесі жылы Комсомольский кентінің сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және Халықтар достығы көшесінің сумен жабдықтау желілерін салу жоспарлануда.
Тұрғын үй секторында 858 мың шаршыметр салынуда, оның 353,6 мың шаршыметрі енгізілуде (облыс бойынша барлығы 23 мың адам кезекте тұр, оның ішінде Өскемен қаласы бойынша-14 мың адам кезекте).
Облыс орталығының 60 көпбалалы және аз қамтылған отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Облыс орталығындағы коммерциялық тұрғын үй құрылыстары туралы жеке айтқым келеді. Қазір Өскеменде 61 көпқабатты үй салынуда, оның 3-еуі заңнаманы бұзу себебінен айтылмыш мәселелер туындады. 1-ші үй бойынша құрылыс мәселесі шешілді, 2-ші үй бойынша сот процедуралары жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша біз оларды аяқтау механизмін анықтаймыз. Біз әрқашан үлескерлердің жағында екенімізді айтқым келеді және халықты жосықсыз құрылыс салушылар туралы ақпаратпен үнемі хабардар етіп отырамыз, - деп атап өтті өңір басшысы.
Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарының форумында Энергетика министрлігі Өскеменде ЖЭО құрылысы туралы хабардар етті. Қаланың сол жағалауының жаңадан салынған аудандары үшін бұл өте қажет, бүгінде жылу энергиясының тапшылығы сағатына 232 Гкал құрайды.
Соңғы 5 жылда ластаушы заттардың шығарындылары Өскемен қаласы бойынша 6%-ке немесе 3,3 мың тоннаға (54,5-тен 51,2 мың тоннаға дейін) төмендеді.
Өскемен ЖЭО-да жоба іске асырылды, нәтижесінде шығатын түтін газдарындағы азот оксидтерінің концентрациясы 2 есеге дейін төмендеді.
Қазмырышта 2025 жылға дейін күкірт қышқылы зауытының соңындағы газдарын толық тазарту қондырғысының құрылысы жоспарланған, бұл күкірт диоксидті шығарындыларын 1600 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.
Экологиялық кодекстің талаптарын 100%-ке орындау мақсатында қоршаған ортаға теріс әсерін бергені үшін төлемақы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталатын болады. Бұл шараларға алдағы 3 жылдық бюджетте 10,4 млрд теңге көлемінде қаражат көзделген.
Елді мекендерді көгалдандырудың бес жылдық өңірлік жоспарын іске асыру мақсатында 476 мың тал отырғызу қолға алынған.
Үш жыл ішінде 375 мың дана көшет отырғызылды (оның ішінде Өскемен қаласында-41 мың дана көшеттер салынды)
Кездесуде облыс әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап берңп, соңында азаматтарды жеке қабылдады.