Кеше соққан қатты жел салдарынан облыс орталығының бірнеше көшесінде электр қуаты үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
«БЭСК» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратынша, арнайы бригада бірден жұмысқа кіріскен. Қазіргі уақытта электр энергия қалпына келтіріліп жатыр.
Қазіргі сәтте жөндеу жұмыстары Солнечная көшесінде жүргізіліп жатыр. Басқа көшелерде электр желілері қалпына келтірілді, - дейді «БЭСК» АҚ баспасөз қызметі.
Айта кету керек, Мирный ауданында, Ескі Согра, Жыланды кентінде, Степное ауылы, Шәкәрім даңғылы, Пристань шағын ауданы, Ахмер, Красин кенті және Шмелев Лог кентінде жарық қалыпқа келді.