Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл трамвайлар Комсомол аралына да аялдайды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Өзен трамвайларын 1 мамырда айдынға шығаруды жоспарлап отырмыз. Биыл маусым айына қарай жаңа бір бағыт қосылады.
Енді жолаушылар Комсомол аралына шығуға мүмкіндік алады. Яғни трамвай Өзен вокзалы – Ғашықтар аллеясы – «Самал» саябағы – этнопарк – Комсомол аралы – Өзен вокзалы (соңғы аялдама) бағыты бойынша жүреді, – деді «Белалекс» компаниясының атқарушы директоры Дәурен Бүркітбаев.