Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскеменде өрт шыққан үйден 10 адам эвакуацияланды

30 Қараша 2024, 21:11
695
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

ШҚО-да ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 10 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, Өскеменде Михаэлис көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйде пәтерде өрт шықты.

Оқиға орнына келген құтқарушылар түтінді аймақтан құтқару капюшондарының көмегімен екі адамды құтқарып, сегіз тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт 6 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы