Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Жеңіс күніне орай көшпелі концерт ұйымдастырылды, деп хабарлады Altaynews.
Айта кетсек, елімізде былтыр және биыл эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, Жеңіс күніне орай әскери шеруді өткізбеу туралы шешім қабылданды. Десе де ардагерлер назардан тыс қалған жоқ, оларды басшылар, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер құттықтап, сыйлықтарын тарту етіп жатыр.
Осы ретте бүгін Өскеменде ардагерлер үшін көшпелі концерт өтті. Жеңіс күніне орай безендірілген төрт әскери көлікпен өнерпаздар қаланы аралап, жанды дауыста ән салды.
Көшпелі концерт Мемориалдық кешеннен бастап, Әуезов, Жеңіс даңғылдарын, Республика алаңын, Металлургтер мәдениет сарайы, Назарбаев даңғылымен бойлап «Самал» дүкеніне дейін, Шәкәрім даңғылын, «Махаббат» аллеясын, Сәтпаев, Қазыбек би даңғылдарын, «Өскемен» аллеясын аралап шықты.