Өскеменде көпқабатты үйде газ жарылды

30 Мамыр 2022, 22:39
1329
Бөлісу:
Өскеменде көпқабатты үйде газ жарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдегі газ жарылып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға 30 мамыр күні Өскемендегі Славский жағалауы көшесінде болған. Бесқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде газ-ауа қоспасы жарылды. Соның салдарынан 1989 жылғы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Жарылыстан 1-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейінгі әйнектер сынып, бірінші қабаттағы сыртқы есік зақымдалды. Сол жерге шұғыл келіп жеткен ТЖД қызметкерлері үй тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. № 4 подъезден 2 адам, № 3 подъезден 11 адам эвакуацияланды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, оқиға орнында барлығы департаменттің 25 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы