Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскеменде көлік жүретін көпірдің бір бөлігі опырылып қалды

1 Қыркүйек 2025, 22:27
497
Бөлісу:
 Өскемен қаласының әкімдігі
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі

Өскеменде Шнайдар көпірінің бір бөлігі құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Шнайдар көпірі жартылай құлады. Оқиға орнына барлық қажетті қызметтер мен жедел әрекет ету режимінде жұмыс істейтін арнайы бөлімшелер жіберілді. Қазіргі таңда апаттың салдарын жою шаралары қабылдануда, – делінген әкімдік хабарламасында.

Билік өкілдерінің айтуынша, барлық күш пен ресурстар көпірді қалпына келтіру мен жағдайды тұрақтандыруға бағытталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі жарияланды.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев оқиғаның себебін соңғы күндері жауған қатты жаңбырмен байланыстырды.

Үш күн бойы жауын-шашынның көп түсуінен өзен деңгейі көтерілді. Бұл көпір қысқа мерзімде қалпына келтіріледі, – деді ол.

Әкім тұрғындарды сабыр сақтап, апат аймағынан аулақ жүруге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы