Өскеменде теннис орталығы салынып жатыр

18 Тамыз 2021, 09:29
7502
Бөлісу:
Өскеменде теннис орталығы салынып жатыр

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл нысан ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салынуда. Теннис орталығының жалпы ауданы - 9,6 мың шаршы метр.

Қазір іргетасы дайын және жақтау жұмыстары жүргізілуде. Суық түскенге дейін орталық ғимараты толығымен салынады. Әрлеу жұмыстары жылы бөлмеде жүргізілуі үшін барлық коммуникация – жылу, жарық, су жүргізілді.

Өскеменде теннис орталығы салынып жатыр


 

Орталықта 2 спорт залы болады. Бірі халықаралық стандарттарға сәйкес келсе, екіншісінде жаттығу залы болады. Осылайша, мұнда бір уақытта 250-ге жуық спортшы спортпен айналыса алады. Жарыс залында 18 теннис үстелі орнатылады, мүмкіндігі шектеулі спортшылар тобына арналған үстелдер де қарастырылған.

Өскеменде теннис орталығы салынып жатыр


 

Бүгінде теннис – олимпиадалық спорт түрлеріне жатады. Тек ШҚО-да 11 мыңға жуық спортшы 458 теннис секциясына қатысады. Жаңа орталық біздің теннисшілерге өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. Мұнда медициналық-қалпына келтіру орталығы жұмыс істейтіні де маңызды. Біздің спортшылар заманауи медициналық көмек пен оңалтуды алатын болады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, бүгінде Шығыс Қазақстанда спортқа ерекше көңіл бөлінуде.

Өскеменде теннис орталығы салынып жатыр


 

Біз ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортты бұқаралық спорт түріне айналдыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Бұл-маңызды міндет. Бүгінде облыстың 15 елді мекенінде дене шынықтыру-спорт кешендері салынуда. Жүздеген бала мен ересек кәсіби түрде және денсаулық үшін спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов. 

Оның айтуынша, келесі міндет - жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру. Үш деңгейлі арнайы бағдарлама жасалды. Жаңа Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шығара алатын жаттықтырушылар құрамының деңгейі мен шеберлігін көтеру үшін ТМД және алыс шетелдің жетекші мамандарымен шарттар жасалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы