Өскеменде гараждың шұңқырына құлаған ер адам құтқарылды

28 Маусым 2024, 05:10
263
Бөлісу:
Өскеменде гараждың шұңқырына құлаған ер адам құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖМ күштерімен гараждың шұңқырына құлаған 40 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен қаласында 1984 жылы туған ер адам гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон құрылымымен басып қалды.

Жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ауыр жабынды көтеріп, ер адамды абайлап шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы