Өскеменде бір жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің қабырғасы қақ айырылды

30 Желтоқсан 2020, 01:14
1827
Бөлісу:
Өскеменде бір жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің қабырғасы қақ айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде жаңа салынған көпқабатты үйдің қасбетін жел ұшырып кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Б. Момышұлы, 14 мекенжайындағы тоғыз қабатты үй бір жыл бұрын ғана пайдалануға берілген. Абырой болғанда тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Тұрғын үйді «Байтерек Девелопменттің» тапсырысы бойынша «Күршім құрылыс» ЖШС салған.

Естеріңізде болса, біраз уақыт бұрын аталмыш мердігер компания банкротқа ұшырағанын мәлімдеген.  Ал жоғарыда аталған тапсырыс беруші акционерлік қоғам таратылып, оның құқықтық мирасқоры «Қазақстан ипотекалық компаниясы» болды. 

«Қазақстан ипотекалық компаниясының» мамандары жағдайға байланысты шығындар мен ақаулықтарды тексеріп жатыр. Яғни жуық арада қасбеті желге ұшқан қабырға жөнделеді.

Өзгелердің жаңалығы